19 сәуір күні сағат 17:00-де «Модератор – ОКҚ коммуникациялар басқармасының бас сарапшысы» қызметіне кастинг өтеді. Кастингке 23-30 жас аралығындағы ер азаматтар қатыса алады.

Қатысушыларға жүргізушілік шеберлік (баспасөз шараларын ұйымдастыру, аудиториямен байланыс жасау), сөйлеу мәдениеті, дауыс мәнері, тіл сауаттылығы, сырт келбет сымбаттылығы, шапшаңдық талаптары қойылады.

Кастингке қатысам деушілер 18 сәуірге дейін өз түйіндемелерін (аты-жөні, жасы, оқу орны, жұмысы, кастингке қатысудағы мақсаты, фотосуреті) info@ortcom.kz сайтына "Кастинг" атауымен жіберуі керек.

Модератор қызметіне үміткерлер мемлекеттік тілді, ҚР Конституциясын, коммуникация бағыты бойынша негізгі іс-құжаттарын білуі қажет және журналистика, медиа саласында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі талап етіледі. Кастинг 19 сәуір күні сағат 17:00- де өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша: 8 (7172) 559338, 559333