Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерді аккредиттеу ережелері бойынша екінші кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация экс-вице министрі Нұргүл Мауберлинова, ақпарат Комитеті төрағасынің міндетін атқарушы Ержан Нүкежанов, Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Руслан Алишев және журналистер қатысты.
Талқылауға елордалық журналистермен қатар, бейнебайланыс арқылы алматылық журналистер де қатысты. Кездесу барысында комиссия мүшелері журналистерді аккредиттеу ережелерін талқылап, осы мәселе бойынша пікір алмасты. Қатысушылар жаңа ережелерді тағы да қарастыру қажеттігі туралы ойларын білдірді.
Сонымен қатар, талқылау барысында журналистер мен аккредиттеуші ұйымдардың да жауапкершіліктері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара қарым-қатынасын одан әрі жандандыру мәселелерін талқылады.
Н.Мауберлинова атап өткендей, журналистерді аккредитациялау ережелері бойынша талқылау барысында қабылданған барлық ұсыныстар жаңа Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарастыруға жіберіледі.