Перейти к содержанию

Қазақстан бойынша қызылша ауруы 5 өңірде көп таралуда

Қазақстан бойынша қызылша ауруы 5 өңірде көп таралуда
ortcom.kz

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақыт аралығында қызылшаның 4670 расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3350 жағдай, пайыздық көрсеткіш бойынша 71,2%.

«Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайға күн сайын мониторинг жүргізеді. Қызылшаның тіркелуі республиканың барлық өңірінде байқалады, 5 өңірде – Нұр-Сұлтан қаласында (ағымдағы жылғы қаңтардан бастап – 1342 жағдай), сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола және Түркістан облыстарында өсуі байқалады, яғни Алматы қаласындағы 84 жағдайдан Шымкент қаласындағы 700 жағдайға дейін тіркелген. Бүгінгі күні республика бойынша 74 науқас, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 19 науқас емделуде», - деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Қазақстан Республикасында қызылшамен сырқаттанушылық көбінесе егілмеген балалардың арасында тіркеліп отырғанын, ол 60,2%-дан астамды (2815) құрайтынын, балалар егу жасына толмауы (1 жасқа толмаған) – 54%, медициналық себептермен кейінге қалдырулар (жіті аурулар және созылмалы аурулардың асқынуы, окнологиялық аурулар, орталық жүйке жүйесі ауруларының ауыр үдемелі аурулары) – 32%, вакцинациядан бас тарту –13,9% (391) себептері бойынша егілмегенін атап айтты.

Инфекцияның таралуына егілмеген адамдардың, оның ішінде 80-ші жылдардың соңында және 90-шы жылдардың басында вакцинацияның болмауына байланысты вакцинация алмаған келешек аналардың болуы ықпал етті. Бүгінгі күні эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 10 мыңнан астам адам егілген.

«Еуропа өңірі елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайдың күрделенуі байқалатынын және Қазақстанда сырқаттанушылықтың өсуі көптеген мемлекеттермен іскерлік және туристік қатынастардың болуына байланысты осы елдерде қызылшаның өршуі салдарынан 2018 жылдың соңында орын алғанын еске саламыз. Қазақстанда айналымда жүрген қызылшаның вирустарын генотиптеу еуропалыққа ұқсас D8 және В3 штаммдарының айналымын көрсетіп отыр. Бұл ретте, В3 генотипінде Dublin генетикалық желілері, сондай-ақ жоғары агрессивтілігімен, патогенділігімен және жұқпалылығымен сипатталатын Kabul желілері анықталған», - деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетсек, қызылша вирусы ауа-тамшы жолымен жеңіл беріледі және өміршең бөлшектері қызылша ауруын тасымалдаушы үй-жайдан шығып кеткеннен кейін екі сағатқа дейін ауада сақталады. Қызылша бөртпе пайда болғанға дейін төрт күн бұрын және бөртпе пайда болғаннан кейін төрт күнге дейін басқа адамдарға беріле алады. Сондықтан, ауру жұқтырған адам қызылшаның ешбір белгілерінсіз және өзінің денсаулығы туралы білмей вирус таратуды жалғастырады. Олар адамдармен қарым-қатынаста болып, жұмысқа, мектепке, дүкенге барады, маршруттарда және метрода жүреді. Егілмеген адамдар вирусы бар ауамен тыныс алғаннан кейін 90% жұқтыру ықтималдығына ұшырайды.

«Вирустық инфекциялар бойынша, оның ішінде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жас балалары бар аналарға, сондай-ақ әртүрлі себептермен (баласының денсаулығы жағдайы, егу жасына толмаған, вакцинациядан бас тарту және т.б.) профилактикалық егу алмаған барлық адамдарға қызылша бойынша эпидемиялық жағдай тұрақтанғанға дейін адамдар көп жиналатын жерлерге (сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, ХҚКО және т.б.) барудан бас тартқан жөн» -деп ұсыныс білдірді.

Қызылшадан қорғанудың бірден бір тиімді шарасы вакцинация болып табылатынын естен шығармау қажет. Дене қызуының көтерілуі, катаральдық көріністер (жөтел, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы) және денеге бөртпенің шығуы сияқты белгілер пайда болған жағдайда уақтылы диагностикалау, емдеу және асқынуларға жол бермеу мақсатында дәрігерге жүгіну қажет.

Сонымен қатар, қзылша медициналық көмекке кеш жүгінген және қоса жүретін ауыр аурулар болған жағдайда өлімге алып келуі мүмкін пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулардың асқынуымен қауіпті.

Источник

Поделиться