Перейти к содержанию

Сәуір айында ауа райы тұрақсыз болады

Сәуір айында ауа райы тұрақсыз болады
ortcom.kz

Қазақстан бойынша 2019 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған ауа райы болжамы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова айтты.

«Сәуір айы әлі де ауыспалы маусымның ортасы болғандықтан, ауа райында тұрақсыздық күтіледі. Айдың ортасына қарай бүкіл Қазақстан батыс және оңтүстік циклондардың ықпалында болып, еліміздің оңтүстік-шығыс және шығысында найзағай, екпінді жел, бұршақтың түсуімен, солтүстік жартыда жаңбырдың сулы қарға ауысуы, сондай-ақ екпінді жел, көктайғақ көрінісімен, түнгі және күндізгі сағаттарда тұманның қалыптасуымен қатты жаңбыр жауады», - деп мәлімдеді Жұлдыз Исабекова.

Ауа райы болжамдары бойынша, сәуір айындағы ең суық күндер айдың екінші және үшінші онкүндігінің ортасына келеді.

«Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың басым бөлігінде температура -5-10°С дейін, кей жерлерде 0 °С, күндіз -2+6°С дейін төмендейді, ал оңтүстік жартысында – түнде 0,+5°С дейін төмендеу, топырақ бетінде 3°С дейін қатқақ, күндіз +7+15°С дейін төмендейді», - деді Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы.

2019 жылдың 6 – 12 сәуір аралығындағы апталық синоптикалық болжамға сәйкес еліміздің басым аумағында бастапқы мерзімде күндізгі және түнгі ауа температурасының төмендеуі, ортасынан бастап біртіндеп жоғарылауы күтілуде. БҚО, Атырау облыстарында, соңғы мерзімдерде ШҚО, Қарағанды облыстарында 14 мм-ге дейін, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында апта бойына 14-23 мм-ге дейін қарқынды жауын-шашын болады деп болжануда.

Источник

Поделиться