Перейти к содержанию

Шетелдіктер Димаштың Астанада өтетін концертіне қызығушылық танытуда

Шетелдіктер Димаштың Астанада өтетін концертіне қызығушылық танытуда
ortcom.kz

Димаш Құдайбергеннің жазда Астанада өтетін "Арнау" ән кешіне қазірдің өзінде шетелдік жанкүйерлері тарапынан қызығушылық өте жоғары. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан» телерадио корпорациясының Басқарма Төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, Димаш әлемге әйгілі танымал жұлдыз болғаннан кейін әншінің көптеген елде фанаттары бар. Біздің мысалы бүгінгі мәслихатын ұйымдастырып отырғанымыздың тағы бір себебі - осы уақытқа дейін қайта-қайта сұрақтар келіп түскен болатын. Елдегі Димаштың қолдаушылармен бірге шетелде тұратын азаматтардан «Концерт қай кезде болады? Біз алдын ала жоспарласақ дейміз. Алатын билеттерді алып, қамдануымыз керек» деген сыңайдағы мыңдаған сұрақ келіп, қайта-қайта түскеннен кейін Димаштың концерті туралы жариялы хабарлау керек деп шештік», - деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ, бұл концертте әлемдегі шоу-концерттерде қолданылатын түрлі тәсілдер мен жаңа технологияларды пайдаланатынын да атап өтті.

«Әдетте, біз үлкен шараларды жоспарласақ, уақыт тақаған кезде жариялап, ұйымдастырып жатамыз. Бірақ, бұл жолы арнайы ұзақ мерзімді дайындықты алып, тырысып жатырмыз. Бізде талқылаудың өзі бір-екі ай мерзімді алды. Сондықтан, бұл жолғы концертке үлкен дайындықпен келгіміз келеді. Қазір бірнеше шығармашылық топпен жұмыс істеп, әртүрлі ұсыныстарды қабылдап жатырмыз. Себебі, Астанада өткізілетін концерт, ең алдымен, Димаштың өз халқына, өз тыңдаушыларына арналмақ», - деді Е. Қарин.

Айта кетсек, «Қазақстан» телекорпорациясы аталған концерттің ұйымдастыру және түсірілім жұмыстарын қолға алып, қолдау көрсететпек.

Источник

Поделиться