Перейти к содержанию

Солтүстік Қазақстан облысында жоғары сапалы шикізатты жеткілікті қамтамасыз ету арқылы импортты қысқартуға мүмкіндік бар

Солтүстік Қазақстан облысында жоғары сапалы шикізатты жеткілікті қамтамасыз ету арқылы импортты қысқартуға мүмкіндік бар
ortcom.kz

Өткен төрт жылда Солтүстік Қазақстан облысындағы тауар айналымының динамикасы экспорттың артқанын көрсетеді. Бқл туралы СҚО-да өткен "Маңызды" сараптамалық алаңында айтылды

"2018 жылдың алғашқы 9 айы ішінде отандық өндірушілердің өнімдерін экспорттау 672,3 млн. АҚШ долларына жетті, бұл ұн, ет және қосалқы өнімдерді, жануарлар мен өсімдік майын және ұннан, сүтден жасалған дайын өнімдерді экспорттау есебінен 18,1% -ға ұлғайды», - деді Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан ҚАЛИЕВ.

Қазіргі уақытта облыста 13 сүт зауыты бар, олардың 4-і қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталған. Тұтастай алғанда, сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығы 44% құрайды.

Ал шикі сүтті өңдеу бойынша өнімділік жылына 120 мың тоннадан асады.

Спикердің айтуынша, өңірде жоғары сапалы шикізатты жеткілікті қамтамасыз ете отырып, импортты қысқарту мүмкіндігі бар. 2017 жылға қарағанда ірімшік импортының 15% -ға, сүт 40% -ға төмендеуі байқалады.

Источник

Поделиться