Перейти к содержанию

ТДМ-2030 міндеттері мен индикаторларының жетістіктерін насихаттауға арналған республикалық конкурс басталды

ТДМ-2030 міндеттері мен индикаторларының жетістіктерін насихаттауға арналған республикалық конкурс басталды
ortcom.kz

Байқау бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер арасында өтеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Аталған байқауда басылым беттеріндегі мақалалар (газеттер, журналдар), телевизиялық хабарлар/бағдарламалар, әлеуметтік желілердегі блогтарда, қаралым деңгейі жоғары сайттардағы жарияланымдар, соның ішінде бейне материалдар (#sdgoals2030 хэштегімен), радиодағы хабар/бағдарлама номинациялары бойынша әрқайсына 3 орыннан қарастырылған.

«Конкурсты өткізудегі мақсатымыз - тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ-2030) іске асыруды насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі-БАҚ) өкілдерін тарту және Қазақстанның жасыл экономикаға байланысты ТДМ-2030 міндеттері мен индикаторларына қол жеткізуіне азаматтық қоғамның кең топтарының қатысуы. Жарияланған конкурс ТДМ-2030 тақырыптарының кең спектрін жариялауда БАҚ-тың белсенділігі мен кәсібилігін арттыруға бағытталған. Байқау жасыл экономикаға байланысты салаларда Қазақстанның ТДМ-2030 саласындағы үздік бастамаларды табуға көмектеседі. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қатысуымен БАҚ, теледидар, радио, әлеуметтік желілерде тақырыптарды кеңінен талқылауды ұйымдастыру», - деді «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының Басқарма Төрағасы Салтанат Рахимбекова.

Байқауға эфирден, радиодан өткен және баспа БАҚ-да 2019 жылдың 1 қаңтарынан 20 қыркүйегіне дейінгі кезеңде жарияланған жұмыстар қабылданады. Байқау барысы туралы ақпарат ұйымдастырушылардың сайтында жарияланады ( www.greenkaz.org). Жұмыстар қолма-қол қабылданады (010000, Астана қаласы, Темірқазық көшесі, 65 экономика үйі, 117 кабинет) және электронды түрде электрондық мекен-жайға жіберіледі greenkaz.kz@gmail.com «Конкурс» белгісімен.

«Қазылар алқасына министрліктердің өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері мен сарапшылар шақырылды. Конкурс финалистері грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталады. Конкурс жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтарға ие болады. Марапаттау рәсімі 2019 жылдың 7-8 қарашасында өтеді», - деп атап өтті.

Айта кетсек, байқауды ұйымдастырушылар: «Жасыл экономика және G-Globalды дамыту Коалициясы» ЗТБ, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Coca-Cola» компаниясы.

Источник

Поделиться