Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде 13068 бала өтініш беріп, 12772-сі тестілеуге қатысты.
«20 маусымда өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 12772 түлек қатысты. Бұл 97 пайызды құрайды», - деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Адлет Тойбаев.
Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттілігі бар 5 бала қатысқан.
«Оларға жеке аудитория және көмекші мамандар берілді», - деді ол.
Айтуынша, ҰБТ өткізу технологиясын сақтау мақсатында бақылау үшін өңірлерге 500 мемлекеттік өкілдер жіберілді. Барлық 309 аудиторияда ұялы телефонның сигналдарын тоқтататын құралдар мен бейнебақылау құралдарымен жабдықталған.
« Бірінші күн бойынша 76,5 пайыз оқушы шектік деңгейден өтті. Максималды балл кеше 137 балл болды», - деп мәлімдеді Адлет Тойбаев.
Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі биылдан бастап ҰБТ нәтижиелері бойынша мектептердің рейтингісін жасамау туралы мәлімдеген болатын.
«Осыған байланысты балалардың ҰБТ нәтижиесінің орташа баллын есептемейміз», - деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.
Айта кетсек, биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 рет өткізіліп отыр. 2004 жылдан бастап 1 млн 775-ға жуық адам қатысқан.
Ағымдағы жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында 169 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізіледі.