Перейти к содержанию

Жасөспірімдерге арналған «Жұмыспен қамту» акциясы өтеді

Жасөспірімдерге арналған «Жұмыспен қамту» акциясы өтеді
ortcom.kz

Полиция есебінде тұрған жасөспірімдердің бос уақытын қамтамасыз ету үшін маусымда «Жұмыспен қамту» акциясын өткізу жоспарлануда.

«Ақцияны өткізуге мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Айтуынша, жазғы каникул кезеңінде кәмелетке толмағандардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сондай-ақ ішкі істер органдарының профилактикалық есептері мен тізімдерінде тұрған жасөспірімдерді бос уақыттың әртүрлі нысандарында жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

«Жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар қосымша ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар қабылданады», - деді Марат Қожаев.

Сонымен қатар, жазғы демалыс кезеңіне дайындалу мақсатында барлық өңірлерде мүдделі мемлекеттік және жергілікті органдардың қатысуымен ведомствоаралық кеңестер өткізілді.

Источник

Поделиться