Маусымда термометрдің сынап бағанасы климаттық норманың шегінде өзгеретін болады. Қиыр батыс және солтүстік-батыс аймақтарынан басқа жерлерде жауын-шашын мөлшері нормадан көп жауады.
«Шілде ҚР басым бөлігінде нормаға жуық күтіледі, тек ҚР оңтүстік-батыс бөлігінде 1°С нормадан жоғары күтіледі. Жауын-шашын басым бөлікте нормадан аз, еліміздің шығыс жартысында – нормаға жуық, тек шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нормадан көп жауады», - деді Гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт.
Болжамдар бойынша, тамыз айында көптеген облыстарда ауа температурасы 1°С нормадан жоғары, ал солтүстік-батыс бөлігінде нормаға жуық болады. Жауын-шашын нормадан аз жауады, тек солтүстік және солтүстік-батыста, оңтүстік-шағыс бөліктің таулы және тау бөктері аймақтарында климаттық нормаға жуық деп болжанады.
Сонымен қатар, Марина Шмидт алдын ала болжам бойынша қыркүйек-қазанда күн жылы болатынын, ал ҚР басым бөлігінде нормадан аз жауын-шашын мөлшерімен күтіліп, бұл «Алтын күз» кезеңімен рахаттануға мүмкіндік беретінін де атап өтті.