Басшылық

Омаров Асқар Қуанышұлы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

 

Жалпы ақпарат, білім

Асқар Омаров 1976 жылы Алматыда туған.

Тұран университетін бітірген.

Мансап

1997-1998 жылдары — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы.

1998-1999 жылдары — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.

2001-2005 жылдары — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі.

2005-2006 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ – «Астана» ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы.

Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2008-2010 жылдары — «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.

2011-2013 жылдары — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.

2014 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті.

2017-2020 жылдары — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры.

2020 ж. қаңтар - 2021 ж. 18 тамыз аралығында — «ҚазАқпарат» ХАА АҚ басқарма төрағасы.

2021 жылғы 19 тамыздан 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

2022 жылғы 11 қаңтардан 2022 жылғы 02 қыркүйекке дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022 жылғы 02 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.