02.08.2022 _ 10:31

Тағы бір облыс әкімі екі орынбасарын қысқартты

Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметінен көлік инфрақұрылымы, құрылыс, сәулет, табиғи ресурстар мәселелеріне жетекшілік еткен Виктор Ионенко ғана кетті. Облыс әкімінің орынбасарының тағы бір лауазымы ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап бос болды.
Тағы бір облыс әкімі екі орынбасарын қысқартты

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қостанай облысы әкімінің орынбасары Виктор Николаевич Ионенко және облыс әкімі орынбасарының бір бос лауазымы қысқартылды. Міндеттер Қостанай облысы әкімінің қазіргі орынбасарлары арасында бөлінген",- деп түсіндірді аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қостанай облысы әкімінің бес орынбасары болған. Оның ішінде ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымына ауысқан Бақыт Есімова мен Виктор Ионенко қысқартуға ұшырады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов, орынбасарлары Ерлан Оспанов және Арман Әбенов болып қала береді. Олардың арасында қысқартылған міндеттер бөлінеді.

Бұған дейін хабарланғандай, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов өз орынбасарларын қысқартты, сондай-ақ Атырау облысы әкімінің екі орынбасары қысқартылды.