"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және Үкімет қаулысына сәйкес облыс әкімі орынбасарларының екі штат бірлігі қысқартылды. Ғани Нығыметов пен Тимур Сұлтанғазиев қызметінен босатылды", – деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Ғ. Нығыметов 2020 жылдың мамыр айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік етті.

Т. Сұлтанғазиев 2021 жылдың желтоқсан айында облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол аймақтың ең қиын салаларының бірі – жұмыспен қамту және денсаулық сақтау саласына жетекшілік етті.