БАҚ өкілдерін аккредиттеу

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы «Орталық

коммуникациялар қызметі» РММ

директорының

2024 жылғы «09» қазандағы  

№65-2024-нқ бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық

коммуникациялар қызметі» РММ журналистерді (бұқаралық ақпарат

құралдары өкілдерін) аккредиттеу

ҚАҒИДАЛАРЫ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметi» РММ жанындағы журналистердi (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34967 болып тіркелген) бекітілген Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидалары негізінде «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 28-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және ҚР Президентiнiң жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметi» РММ (бұдан әрі – ОКҚ) журналистердi (бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiн) аккредиттеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі – аккредиттеу картасын беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің автоматтандырылған процесі;

2) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығаруға және таратуға тиісті өкілеттіктері бар жеке тұлға;

3) бірыңғай медиа платформа – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе;

4) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспа басылымы, теле -, радиоарна, интернет-басылым (бұдан әрі – БАҚ, бұқаралық ақпарат құралдары);

5) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – бұқаралық ақпарат құралының материалдарын жинауды, әзірлеуді, шығаруды және таратуды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;

6) журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеу – журналисті тағайындау рәсімі және оның өкілеттігін мемлекеттік органның және (немесе) ұйымның тануы;

7) журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу және әзірлеу қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға;

8) іс-шара регламенті – аккредиттеуші ұйыммен жүргізілетін іс-шараның жүргізу тәртібін айқындайтын құжат.

3. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеуді ОКҚ қызметін, аккредиттелген БАҚ өкілдерінің қызметін ұйымдастыру туралы жұртшылықты кеңінен және жедел хабардар ету мақсатында ОКҚ атынан Ақпараттық коммуникациялар қызметі (бұдан әрі-АКҚ) жүзеге асырады.

4. ОКҚ Өткізілетін іс-шаралардың регламентін бекітеді.

 

2-тарау. Журналистерді (БАҚ өкілдерін) аккредиттеу тәртібі

1-параграф. Журналистерді (БАҚ өкілдерін) тұрақты аккредиттеу.

5. Журналистерді (БАҚ өкілдерін) тұрақты аккредиттеу аккредиттеуші ұйымның жанында оның орналасқан жеріне және аккредиттелетін журналистердің (БАҚ өкілдерінің) тұрақты тұратын жеріне қарамастан жүргізіледі.

6. БАҚ өкілдері ОКҚ-де жыл сайын аккредиттеуден өтеді. Аккредиттеу жыл бойы жүзеге асырылады.

7. Журналистерді (БАҚ өкілдерін) қазақ және орыс тілдерінде тұрақты аккредиттеуден өтуге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру Ortcom.kz сайтында орналастырылады, сондай-ақ журналистерге жедел хабар алмасу сервисінде БАҚ чаты арқылы жолданады.

8. Өз журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) ОКҚ  жанында аккредиттегісі келетін бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу туралы бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы қойылған өтінішті аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімімен қоса ұсынады.

9. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі – ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні.

10. БАҚ өкілдерін аккредиттеу туралы шешімді Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес ОКҚ қабылдайды. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша ОКҚ қабылданған шешім туралы БАҚ-ты үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді:

1) аккредиттеу туралы;

2) аккредиттеуден бас тарту туралы.

11. Аккредиттелген журналист (БАҚ өкілі) келесі шарттарды сақтауға міндеттенеді:

1) ОКҚ-дан алынған ақпаратты аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;

2) журналистердің (БАҚ өкілдерінің) қатысуымен ОКҚ баспасөз іс-шараларының Регламентін сақтау (осы Қағидаларға 4-қосымша);

3) «Қазмедиа орталығының» өткізу және объектішілік режимін сақтау.

12. Тұрақты аккредиттеуден бас тартуға:

1) БАҚ өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

2) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;

3) есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының тізілімінде болмауы негіз болып табылады.

Тұрақты аккредиттеуден заңсыз бас тартуға журналист (БАҚ өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

13. Журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) тұрақты аккредиттеуден айыру үшін:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін көрсете отырып, БАҚ бас редакторының және (немесе) БАҚ меншік иесінің журналисті (БАҚ өкілін) аккредиттеуден айыру туралы өтініші;

2) журналист (БАҚ өкілі) таратқан ОКҚ іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

3) БАҚ өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

4) осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген шарттарды екі және одан да көп рет бұзу.

14. ОКҚ негiздер анықталған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде осы Қағидалардың 13-тармағында белгiленген себептердi көрсете отырып, журналистi (БАҚ өкілін) аккредиттеуден айыру туралы БАҚ-ты хабардар етеді.

15. Журналистерді (БАҚ өкілдерін) тұрақты аккредиттеуден айыру алты ай мерзімге жүзеге асырылады.

16. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі жағдайында бірыңғай медиаплатформа арқылы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аккредиттеу карталары беріледі.

 

2-параграф. Журналистерді (БАҚ өкілдерін) уақытша аккредиттеу.

17. Уақытша аккредиттеу журналистерге нақты баспасөз іс-шарасын жариялау үшін қажетті мерзімге беріледі және тиісті іс-шара өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

18. Уақытша аккредиттеуді алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу туралы бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) меншік иесінің қолы қойылған өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімімен қоса ұсынады.

19. Уақытша аккредиттеу туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша ОКҚ өтініш берушілерді келесі шешімдердің бірі туралы жазбаша және (немесе) электронды түрде хабарлайды:

1) аккредиттеу туралы;

2) аккредиттеуден бас тарту туралы.

20. Уақытша аккредиттелген журналист (БАҚ өкілі) келесі шарттарды сақтайды:

1) ОКҚ-дан алынған ақпаратты аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;

2) журналистердің (БАҚ өкілдерінің) қатысуымен ОКҚ баспасөз іс-шараларының Регламентін сақтау (осы Қағидаларға 4-қосымша);

3) «Қазмедиа орталығының» өткізу және объектішілік режимін сақтау.

21. Уақытша аккредиттеуден бас тартуға:

1) БАҚ өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

2) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;

3) есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының тізілімінде болмауы негіз болып табылады.

Уақытша аккредиттеуден заңсыз бас тартуға журналист (БАҚ өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

 

ҚР Президентінің  жанындағы «Орталық

коммуникациялар қызметі» РММ

журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары

өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан

_________________________________

кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы)

__________________________

кімнен (БАҚ атауы)

Журналисті (БАҚ өкілін) тұрақты аккредиттеу туралы

ӨТІНІШ

Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)

________________________________________________________________ аккредиттеуді сұраймын.

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы)

Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:

 1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_______________________________;

 2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және

       орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін):      _______________________________________________;

3) телефондардың, факстардың нөмірлері, бұқаралық ақпарат құралының электрондық мекенжайы: _________________________________________

 Қоса беріліп отырған құжаттар:

 1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің)

  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

  2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің)

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға  келісімі.

  

Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)

       ______________________________________________________ қызметкер екенін растаймын.

                         (бұқаралық ақпарат құралының атауы)

      

       _____________________

       (бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы)

        20__ жылғы «___» _________

 

 

ҚР Президентінің жанындағы «Орталық

коммуникациялар қызметі» РММ

журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары

өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына

             2-қосымша

 

Нысан

___________________________________

кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы)

______________________________________

кімнен (БАҚ атауы)

 

 

Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеуден айыру туралы

ӨТІНІШ

Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)

_______________________________________аккредиттеуден айыруыңызды сұраймын

(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:

1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_______________________________;

2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін):                                                                  ;

3) телефондардың, факстың нөмірлері, бұқаралық ақпарат құралының электрондық меккенжайы: ______________________________________________

______________________  

(бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы)

 20__ жылғы «___» _________

 

      ҚР Президентінің жанындағы «Орталық

коммуникациялар қызметі» РММ

журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары

өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына

             3-қосымша

                                                                                                                                                     кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы)

__________________________

кімнен (БАҚ атауы)

Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) уақытша аккредиттеу туралы

ӨТІНІШ

Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы) уақытша аккредиттеуді сұраймын.

Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:

1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_______________________________;

2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және

орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін): ______________________________________;

 3) телефондардың, факстардың нөмірлері, бұқаралық ақпарат құралының  электрондық мекенжайы:

 Қоса беріліп отырған құжаттар:

1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің)  «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі.

Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)

___________________________________________________________ қызметкер екенін растаймын.

(бұқаралық ақпарат құралының атауы)

______________________  

(бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы)

 20__ жылғы «___» _________

 

ҚР Президентінің жанындағы «Орталық

коммуникациялар қызметі» РММ

журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары

өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына

             4-қосымша

 

Журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) қатысуымен

ҚР Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ

іс-шараларының 

РЕГЛАМЕНТІ  

  1. Журналистердің (Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) қатысуымен өтетін ҚР Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз іс-шараларының  Регламенті  (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34967 тіркелген) бекітілген Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларының 13-тармағына сәйкес әзірленді.
  2. Регламент журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) (бұдан әрі – БАҚ) қатысуымен өтетін баспасөз іс-шараларын, брифингтерді, дөңгелек үстелдерді және басқа да іс-шараларды өткізу тәртібін анықтайды және ОКҚ баспасөз іс-шараларының барлық қатысушылары мен аккредиттелген журналистер (БАҚ өкілдері) үшін іскерлік жұмыс жағдайын жасауға бағытталған.
  3. ОКҚ баспасөз іс-шараларына қатысушылардың  әріптестеріне өзара құрмет көрсеткені, әркімнің өз пікірін білдіру құқығын ескергені жөн.
  4. Журналистердің (БАҚ өкілдерінің) қатысуымен баспасөз іс-шараларын өткізу кезінде:

            - журналистер (БАҚ өкілдері), сондай-ақ өзге де тұлғалар модератор анықтаған жүргізу тәртібін сақтауға міндетті. Модератор ОКҚ уәкілетті қызметкері болып табылады;

       - сұрақ-жауап сессиясының кезегі редакциялардың онлайн-өтінімдері негізінде баспасөз іс-шарасы туралы хабарланғаннан кейін жедел хабарламалар алмасу сервисі арқылы БАҚ чатында қалыптастырылады;

             - БАҚ редакциялары екі журналистке (БАҚ өкілдеріне) дейін баспасөз іс-шарасына қатысуға ұсыныс жасап, жолдай алады;

             - түсініктеме алу үшін жүгінген кезде журналист (БАҚ өкілі) өзін таныстырып, аккредиттелген БАҚ атауын атауы тиіс;

          - БАҚ өкілдері спикерге баспасөз шарасының тақырыбы бойынша екі негізгі сұрақ пен бір нақтылау сұрақ қоя алады. Қосымша ақпаратты талап ететін сұрақтар түскен жағдайда, спикер жауапты жазбаша түрде беруге құқылы;

             - мәлімденген тақырыпқа сәйкес келмейтін сұрақ түскен немесе сұрақтардың қайталануы жағдайында, модератор бұл сұрақты тізімнен алып тастауға құқылы.

          - сұрақ қойған кезде журналистер (БАҚ өкілдері) сөйлеп тұрған қатысушының және бір-бірінің сөзін бөлмеулері, сондай-ақ сөйлеп тұрған қатысушының қойылған сұраққа толық жауап беруіне мүмкіндік берулері тиіс;

       - жеке сұхбат жүргізу немесе спикерден қосымша түсініктеме алу қажет болған жағдайда БАҚ мұндай әрекеттерді жауапты ведомствоның баспасөз қызметімен алдын ала келісуі қажет;

       - БАҚ өкілдері онлайн режимінде қатысқан жағдайда, техникалық ақауларды болдырмау мақсатында байланысқа қосылу іс-шара басталғанға дейін 10 минут бұрын орындалуы тиіс;

        - баспасөз шарасының барлық қатысушылары ҚР Ішкі істер министрлігінің «Астана қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ (бұдан әрі – МКҚБ) қызметкерлері, сондай-ақ «Қазмедиа орталығы» Ішкі қауіпсіздік қызметі күзететін объектіде болған кезде ішкі қауіпсіздік ережелері мен тәртібін сақтауға міндетті.