Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы мен басқарма мүшелерінің 2020 жылы жүзеге асқан ақша-несие саясатының қорытындысы, Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларының орындалуы, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінің жай-күйі мен Ұлттық қордың активтері туралы есебін тыңдады.