Мемлекет басшысы XVI жазғы Паралимпиада ойындарының қарсаңында Ұлттық құрама командасының мүшелерімен кездесті. Президент спортшылардың Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Паралимпиада ойындарына 25 жолдама ұтып, байрақты бәсекеге үлкен құраммен аттанып бара жатқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, паралимпиадашылар – қажымас қайрат пен қайсарлықтың символы.