Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовтің аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдады. Облыс әкімінің айтуынша, физикалық өсім индексі 5 пайызға жетсе, негізгі капиталға салынған инвестиция 5 пайыздан асқан. Ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларында да едәуір өсім байқалады.