Мемлекет басшысына кәсіпорынның мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді. Компания басшылығының мәліметіне сәйкес 4,5 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорынға 30 миллиард теңге инвестиция салынған. Компания Жапония, Швейцария және Германиядан әкелінген инновациялық құрылғылармен тез дайындалатын азық-түлік өнімдерін шығарады. Жылына 85 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндігі бар.