Қасым-Жомарт Тоқаев VI Шығыс экономикалық форумының пленарлық мәжілісіне бейнебайланыс режимінде қатысты. Сонымен қатар аталған жиында Ресей Президенті Владимир Путин мен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэсух спикер ретінде сөз сөйледі. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, Таиланд Премьер-Министрі Прают Чан-Оча форумның қатысушыларына бейнеүндеу жасады.