Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылындағы «Сервис Жарс» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы алқабына барудан басталды. Мемлекет басшысы кәсіпорынға қарасты егістік жерлердің жағдайымен танысып, егін жинау жұмыстарына пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникаларын көрді.