Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа мемлекеттік сапары барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді. Келіссөздерге дейін Тәуелсіздік алаңында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түрікменстанның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.