Мемлекет басшысы «Digital Era Lifestyle» тақырыбында өткен дәстүрлі «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумына қатысты. Үшінші рет өткізіліп отырған жиынға Президент Әкімшілігінің басқарушы құрамы, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, отандық және халықаралық сарапшылар қатысты.