Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысына қатысты. Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өткен жиын барысында Президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму мәселелері жөніндегі ұсыныстар талқыланды.