Қазақстан Президенті бұл басқосу Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі белесі қарсаңында өтіп жатқанын, осы тарихи межеге толағай табыспен жетіп отырғанымызды атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан аймақтық және жаһандық үдерістерге белсене қатысатын беделді мемлекетке айналды. Мемлекет басшысы сыртқы саясатымыздың негізін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қалағанын және оның тікелей басшылығымен кәсіби дипломатиялық қызмет құрылып, ауқымды сыртқы саяси міндеттер шешімін тапқанына тоқталды.