Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бүгінгі іс-шараның Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, Швейцария конфедерациясы ұзақ жылдан бері Қазақстанның негізгі стратегиялық және инвестициялық серіктесі саналады.