Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік сауда ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары, оның ішінде ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-конференциясына еліміздің төрағалық ету мәселесі талқыланды. Сондай-ақ халықаралық сауданы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікірлер ортаға салынды.