Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында шет мемлекеттердің ірі инвестициялық компаниялары өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының негізгі факторларының біріне айналғанын, сондықтан еліміз инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.