Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне Қазақстан Президентімен қатар Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.