Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезектен тыс отырысы бейнебайланыс режимінде өтті. Жиынға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі трансұлттық және ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты.