Еліміздің дипломатиялық қызметінің отыз жылдық мерейтойы халқымыз Жаңа Қазақстан құруға кіріскен сындарлы сәтпен тұспа-тұс келді. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференция қатысушыларына жолдаған құттықтау хатында айтылған.