Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Вьетнам социалистік республикасына ресми сапармен келді. Сапар барысында министр Вьетнам президентімен кездесті. Жиын барысында бірқатар мәселе талқыланды. Олардың қатарында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға сапары бар.