Мемлекет басшысы Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифті қабылдады. Кездесуде хоккей спортын дамытудың және кеңінен танытудың перспективалары, сондай-ақ елімізде ірі халықаралық турнирлер өткізу мәселесі талқыланды.