Павлодардың басты белгісі – Қазақстандағы ең ұзын жағалау. Бұл демалыс орны ғана емес, сонымен қатар қаланың мәдени өмірінің орталығы. Осындай тартымды тұстар көп болуы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты.