«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                              Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 26 қараша

№ 5