Президент жабындылар мен қаптама материалдарын шығаратын «Metal Former» ЖШС-нің өндіріс желісімен танысты. Ішкі нарыққа шығарылатын зауыт өнімі шетелден импортталатын алюминий профильдерді 15 пайызға дейін, ал шатыр жабындылары мен фиброцемент панельдер импортын 40 пайызға дейін алмастыруға мүмкіндік береді.