Мемлекеттер басшылары «Астана опера» вестибюлінде «Шығармашылық жаңғырығы» көрмесімен танысты. Көрмеге танымал қазақстандық суретшілердің туындылары және Орталық Азия елдері бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектері қойылған.

Концерттік бағдарлама аясында қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, әзербайжан халықтарының әндері мен билері орындалды. Сондай-ақ көрермендердің назарына ұлттық музыкалық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен «Достық дивертисменті» ұсынылды.