Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, негізгі өндірістік көрсеткіштерде өсімнің оң қарқыны сақталып отыр. Эксплуатациялық жүк айналымы 272 миллиард тонна-шақырымды құрады. Қазақстан-Қытай түйіспелері арқылы 32 миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл – рекордтық әрі 2023 жылмен салыстырғанда 13,1 пайызға артық көрсеткіш. Контейнерлік транзит 8,8 пайызға өсті. Тасымалданған контейнерлер саны 1,4 миллион жиырма пұттық эквивалентті құрады.