ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, фермерлер үшін барлық жағдай жасалған. 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді, фермерлер тұқыммен қамтамасыз етілді, техниканың дайындығы 92% деңгейінде (егіс жұмысы басталарда 100% болады), жалпы соманы 140 млрд теңгеге дейін жеткізе отырып, қаржыландыру көлемін 70 млрд теңгеге ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 80 млрд теңгеге дейін бағыттайды, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есе көп.