Бүгінгі таңда мұнай жеткізушілер мұнай өнімдерін соңғы сатушылар мен көтерме сауда жеткізушілеріне сатады. Бұл ретте көтерме сауда жеткізушілер ретінде меншік құқығында мұнай базалары бар тұлғалар ғана емес, жалдау құқығында мұнай базалары бар тұлғалар да әрекет етеді. Осыған байланысты көтерме жеткізушілерге қойылатын талаптарды қатайту бөлігінде мұнай өнімдерін өткізу кезінде тиімсіз делдалдарды алып тастауды көздейтін түзетулер әзірленді, - деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.