ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы уақытта ұн өндіру үшін астық тапшылығы туралы ақпарат жиі таратылып жатқанына назар аударады. ҚР АШМ және министрліктің ресми тұлғалары Қазақстанда астық қоры жеткілікті және тапшылықтың туындау қаупі жоқ екенін бірнеше рет хабарлаған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды және нарыққа қатысушыларға қысым жасау әрекеті, сондай-ақ жосықсыз бәсекелестіктің көрінісі болып табылады.