Биылғы жылдың 29 наурызында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне (Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстары) жұмыс сапары аясында Алматы облысының қант және қант қызылшасын өндірушілермен кездесті. Кездесу Көксу қант зауыты базасында өтті, онда министрге қайта өңдеу желісі көрсетіліп, жаңғырту жұмыстары және өндірісті ұлғайту жоспарлары туралы айтылды.