ҚР Парламенті Сенатының депутаттары палатаның жалпы отырысында қаралғаннан кейін «Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенцияны (175-конвенция) ратификациялау туралы» заңды қабылдады.   Заң жобасын сенаторларға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов таныстырды, ол аталған құжат 2019 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 40-шы отырысында қолдау тапқанын еске салды.