Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдайға қатысты Құрманғазы (9 бас) және Исатай (17 бас) аудандарында 26 бас жылқыдан ауру анықталғанын мәлімдейді. 2022 жылдың 30 наурызында 4 бас мал өлген, ал 22 бас малға дәрігер симптоматикалық ем жүргізіп жатыр. Ағымдағы жылдың 24 наурызында биологиялық материалдар алынып, жылқының ринопневманиясы мен инфекциялық анемия мен басқа да жұқпалы емес ауруларды зерттеу үшін «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-ға жіберілді. 29 наурызда алынған зерттеу нәтижесі жануарларда жұқпалы ауру жоқ екенін көрсетті.