2022 жылғы 1 сәуірден бастап Мемлекет басшысының халықтың әл – ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмасын және Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоба) іске асыру шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттар алудың бірінші легіне өтінімдер қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады. 2019 грант беру жоспарланған оның 1089-ы жастар үшін және 930-ы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін.