18 сәуірде өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында көшпелі жиын өтті. Кездесуде қаланы жылумен және сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ инженерлік желілерді жаңғырту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.