ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі мен үйлестірушісі Валиант Ричимен кездесу өткізді. Ол ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарлама офисі ұйымдастырған «Жеткізілім тізбегіндегі жұмыс күшін пайдалану үшін адам саудасы – халықаралық сауда және бизнесті басқару заңнамасындағы соңғы өзгерістер туралы жаңарту» пікірталас форумына қатысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына сапармен  келген болатын.