Елордада тұрғындардың саны жыл сайын артып келе жатқанын ескерер болсақ әлеуметтік нысандарға да, инженерлік желілерге де қосымша күш түсіп отыр: сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріз-тазарту құрылыстары, нөсер кәріздері. Инфрақұрылымдық даму – өмір сапасының негізгі көрсеткіші және жалпы қаланың даму факторы. Елорда әкімі Алтай Көлгінов мәслихат отырысында инфрақұрылымды жүйелі дамыту – стратегиялық нысандар құрылысы туралы айтып берді.