Биыл Қазақстан 59-шы Венеция биенналесінде тұңғыш рет өзінің ұлттық павильонын ашады. Атаулы іс-шара 23 сәуір мен 27 қараша аралығында өтеді. Бұған дейін Қазақстан суретшілері биенналеге 2005 жылдан 2013 жылға дейін Орталық Азия елдерінің павильоны аясында, ал кейінгі жылдары – жеке бастамалар аясында қатысып келген.