2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекет басшысының мемлекеттік бағдарламалардан Ұлттық жобалар форматына көшу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту бойынша тапсырмаларын орындау шеңберінде іске асырылатын 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға (бұдан әрі – Ұлттық жоба) қатысу үшін 49,8 мың жас жүгінді. Олардың 33,9 мыңға жуығына жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларын көрсетті, оның ішінде 33,5 мың адам жұмысқа орналастырылды.