Қазақстан Елшісі Аркен Арыстанов «GIC» Басқарушы директоры және бас экономисі доктор Пракаш Каннанмен және «GIC» Инвестициялар және стратегия жөніндегі Аға вице-президенті Лейф Лайбекер Эскесенмен кездесу өткізді. «GIC» Сингапурдың Валюталық басқармасымен және «Temasek»-пен қатар мемлекеттік резервтерді басқаратын Сингапурдағы үш инвестициялық ұйымының бірі болып табылады.